Қош келдіңіздер!
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің Әбу Ханифа медресе колледжі.
Мемлекеттік лицензиясы: № KZ79LAA00007509
Мамандығы: 0112000 - ИСЛАМТАНУ
Біліктілік: 0112013 - «ИМАМ-ХАТИБ»
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай
Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге бірнеше жылдық ұстаздық өтілі бар педагогтер сабақ береді.